jasqazaq.kz

Жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған

18 қыркүйек 2018, 17:42

Ақмола облысында жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 15 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мəліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні орын алған. Оны «Рубеж — Бурабай» қоршау жүйесі стационарлық бекетінде жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлері анықтаған. Жол қозғалысын бақылап жүрген полиция қызметкерлері сағат 10:00 шамасында Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Kaessbohrer» автобусын тоқтатқан. «Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тəртіп сақшылары жолаушылар көлігінің жүксалғышы жатын орын ретінде жабдықталғанын жəне онда бір жолаушының болғанын анықтады», — деп мәлім етті ведомстводан. Осыған байланысты жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚБК 590-бабының 7-бөлігі бойынша əкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш санкция бойынша көлік жүргізушісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді