Air Astana әуекомпаниясының Қазақстандағы әуе жанармай өндірісінің айтарлықтай төмендеуіне алаңдаушылық білдіруде, бұл нәтижесінде әуекомпанияның отын қорының едәуір азаюына әкелді.
Бір апта бұрын ҚР Энергетика министрлігі дизельдік отын өндірісін ұлғайту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында авиа отынын өндіру екі есеге қысқаратыны туралы хабарлады. Сонымен қатар, Павлодар мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары қазан айына көзделіп отыр, Атырау мұнай өңдеу зауытынан авиа жанармайын тасымалдау тоқтатылды, отынның бұл түрін елге әкелу толығымен тоқтатылды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ішкі нарықты жалпы көлемі 35000 тонна болатын авиакеросинмен қамтамасыз ету туралы хабарлады. Алайда, Air Аstana-ның қолданыстағы рейстерінің тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ай сайын 30 мың тонна авиаотын қажет. Сонымен қатар Қазақстаннан халықаралық рейстер біртіндеп қалпына келтірілуде және әуе компаниясының рейстерінің саны артып келеді.
Air Astana үкіметке қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыру туралы үндеу жіберді, сондай-ақ кем дегенде импорттық жеткізілім қалпына келгенше авиациялық керосин өндірісінің бұрынғы көлемдерін қайтаруды ұсынды. Бұл шаралар қысқа мерзімді болашақта әуе қатынасының тұрақты жұмысы үшін маңызды.