jasqazaq.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы сервис сапасын жақсартуда

27 қараша 2019, 16:24

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап вагон жабдықтарының жаңа үлгісін енгізе бастады. Қазіргі таңда Компанияға қарасты 47 бағыттың 90 пайызында жеңіл алмалы-салмалы мүкамал жаңарды. Оның ішінде атап айтсақ: жаңа төсек-орын жабдығы – матрац, жастық, көрпе және де терезе пердесі, сүлгі, еден төсеніштері бар.

Сонымен қатар жаңа жабдықтардың сапасын және сапар барысын қадағалау үшін олардың барлығына RFID таңбасы енгізілген. Осының арқасында барлық жабдықтарды түгендеу жүзеге асады.

Компания өз жолаушыларынан вагон ішіндегі мүлікке ұқыпты болуын сұрайды.

Егер жаңа төсек-орын сіздің көңіліңізден шықпаса – иіс, дымқыл, ия болмаса жыртық болса – онда жолсерікке шағымдануыңыз керек. Ол сізге жаңа төсек жабдығын береді.

Сонымен қатар әр вагонда Шағым кітапшасы бар екенін естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ жолда заң бұзушылық, не болмаса басқа да заңсыз әрeкеттерге куә болcаңыз – бірыңғай қоңырау орталығы 1433-ке хабарласып немесе фото- бейне түсіріп, Компания бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда