jasqazaq.kz

Жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті

24 қантар 2020, 11:12

Қарағанды облысының Қарабас стансасында, 23 қаңтар күні, түстен кейін Астанадан Жезқазған қаласына бағыт алған пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кетті. Оқиған мән-жайымен ҚТЖ бөлісті.Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Вагондардың шығып кетуі Қарағанды — Пассажирская — Жарық учаскесінде 21:43-де тіркелген. ЖКО кезінде пойыздың ішінде 680 адам болды. Зардап шеккендер жоқ.

Рельстен шығып кеткен жолаушылар қосымша вагондармен қамтамасыз етілді. Олар тағайындалған станцияға дейін жете алады.

Оқиға орнында ҚТЖ қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, ал теміржол учаскесі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Пойыздар кесте бойынша жүреді деп хабарлайды ҚТЖ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, вагондардың рельстен шығып кетуіне ауа райы жағдайлары әсер еткен. Өңірде бұрқасын болып, темір жолды көру мүмкіндігі төмендеген.

Оқиға орнына барған ҚТЖ арнайы комиссиясы оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеп, оқиғаның себептерін анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 15-ші қыркүйегінде Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқаны хабарланған еді. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды деп алдын ала ақпарат берген болатын.

Бірақ, аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады деп жазады басылым.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қаза болған марқұмның отбасына көңіл айтты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия