jasqazaq.kz

Жолақысын төлемеген оқушыны жолда қалдырды

25 қантар 2019, 16:04

Оралда № 2 бағытында жүретін автобустың кондукторы сегіз жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін қоғамдық көліктен түсіріп кеткен.

 Tengrinews.kz  хабарлағандай, оқиға 23 қаңтарда шамамен кешкі алтыда «№31 орта мектеп» аялдамасында болған. «Менің ақшам болды. Мен қалтамнан алайын деп іздегенімде, түсіп қалған болып шықты. Кондуктор ұрыса кетті, сосын мені түсіріп тастады», — деді Ерасыл есімді оқушы. Бала үйіне дейін бір сағаттай жаяу жүрген. Оқушының анасы автопарк басшылығына шағым білдірген. «Менің балам сабағынан уақытылы келмеді. Қатты алаңдадық. Не боларын кім біледі. Ол қатты тоңып қалған. Адам өмірі 40 теңгеге татымағаны ма?» — деді оқушының анасы Сандуғаш Шойынжанова. Орал қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі осы жағдайға қатысты дереу әрекет етіп, кінәлі тұлғаларды анықтады. «Қызметтік тексеру жүргізілді. «Урал ТехСервис» ЖШС басшылығы кондуктордың кім екенін анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол жұмыстан босатылды, оны жұмыстан босату туралы бұйрық шықты», — деді бөлім басшысы Айдар Менеев. Қазіргі уақытта барлық тасымалдаушы қоғамдық көліктен балаларды түсіріп тастамау туралы ескертілді. Анасының айтуынша, Ерасылдың жағдайы жақсы екен.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда