
Солтүстік Қазақстан облысында мемлекет қаржысы талан-таражға салынды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, биыл тек жол құрылысы саласында осындай 7 факт анықталған.
Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тиісті іс қозғалды. Айта кетейік, өңірде осы жылы бюджет қаржысын жымқырудың 40-қа жуық әрекеті әшкереленді. Нұрымжан Абатов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары: — Автомобиль жолдары мен ғимараттарын салуға байланысты 7 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 150-200 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні бірқатар іс сотқа жіберілді. Қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
24.kz