jasqazaq.kz

Жол салу талаптары бұзылған

06 ақпан 2020, 16:28

Өткен жылы еліміздің 5 облысы мен елорда көшелерінде асфальтбетон жамылғысының қалыңдығы және тығыздығына байланысты өрескел бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпыға ортақ жолдарға 8 мыңнан астам тексеру, 12 мыңнан астам құрылыс материалдарына зертханалық тексерулер жүргізіліп, 5 мыңнан астам ақау анықталып отыр», — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Дархан Сақанов. Талдау қорытындысы бойынша, 2019 жылы Ақмола, Қостанай, Шығыс және Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жолдарында және Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде асфальтбетон жамылғысы қалыңдықтары мен тығыздықтарының сәйкес келмеуі, суға қанығу мөлшерінің рұқсат етілген деңгейден асып кетуі сияқты өрескел бұзушылықтары анықталған. Сапа орталығының қызметі нәтижесінде 700 млн теңгеден астам сомаға құрылыс жұмыстары қайта жасалды. «Жергілікті желідегі жолдардағы анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат Мемлекеттік сәулет – құрылыс басқармасына жіберіліп, нәтижесінде мердігер, жобалаушы және техникалық қадағалау қызметі жалпы сомасы 1,5 миллион теңге әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Дархан Сақанов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия