
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Георгий Ким жол полицейлеріне алатаяқты қайтару мәселесін көтерді.
Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған депутаттық сауалға сенаторлардың өңірлердегі кездесуі кезінде көтірілген мәселелер, сонымен қатар қозғалысты реттеу барысында жол-патрульдік полиция қызметкерлерін қағып кету секілді оқиғаның тіркелуі статистикасы да негіз болды. «Осыған байланысты тек жолдағы қозғалысты реттеу үшін алатаяқты (жезл) пайдалану дұрыстығын қарастыру ұсынылады», — деді Г. Ким.