jasqazaq.kz

Жол-патруль полициясына жезл қайтарылды

01 қыркүйек 2019, 13:54

Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын хабарлады. «Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады: — жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде; — көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру; — терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу; — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады. Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар. Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде