jasqazaq.kz

Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші көз жұмды

12 қантар 2021, 13:01

Ақтөбе облысында “Mercedes” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы   Polisia.kz хабарлайды.

2021 жылғы 10 қаңтарда ПД-ға “Самара-Шымкент” тас жолының 773 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері белгісіз жүргізуші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткенін анықтады.

Нәтижесінде, жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмып, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Сонымен қатар, қайғылы кеште қалың тұман мен көктайғақ болған. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Қабылданған іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында 47 жастағы “Mercedes” жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласына қарай бет алып, Мұғалжар ауданының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кеткенін, кейін жауапкершіліктен қорқып, ЖКО орнынан қашып кеткенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды, жолдарда мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, ауа-райына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды сұрайды. Жол белгілерін қатаң сақтаңыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге жолда абай болуға кеңес береміз, көлбеу беті бар жерлерді айналып өтуге тырысыңыз, қауіпті жолда өте мұқият болыңыз, асықпаңыз және жолды жүгіріп өтпеңіз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия