jasqazaq.kz

Жол қозғалысы ережесін білмейтін полицейлер жұмыстан босатылды (видео)

06 наурыз 2019, 11:29

Түркістан облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабы бар-жоғын тексерген. Видео әлеуметтік желілерде таралды — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бұл екеуі мотоцикл жүргізушісіне, МОТОЦИКЛШІДЕН, өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабы бар-жоғын тексерген. Мұның барлығы Түркістан облысында болған», — деп жазды видеоны жариялаған қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

Өңірлік полиция департаментіндегілер видеодағы полицейлерді жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін жұмыстан босатқанын хабарлады. «Түркістан облысы полиция департаментінің өкілдері осы дерек бойынша қызметтік тексеріс бастады. Тексеріс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлері өз міндеттерін білмегені және ҚР Жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін қызметтерінен босатылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

https://www.facebook.com/murataben/videos/10216072260294217/?t=4

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда