jasqazaq.kz

Жол қоршауы көлікті тесіп өтті

05 қазан 2020, 12:59

Алматы облысының полиция департаменті көлікті темір тесіп өткен жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейіне қатысты мәлімет жариялады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 4 қазанда сағат 16.00 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 209-шы шақырымында болған.

— Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны К. өзінің Kia rio автокөлігімен Алматы-Өскемен тас жолының солтүстік бағытының 209 шақырымын еңсеріп, Қызылтоған ауылының маңында келгенде жол апатына ұшырағанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, көліктің алдыңғы сол жақ доңғалағының желі азаюына байланысты жүргізуші рөлді басқара алмай, үлкен трассаны ортасынан бөліп тұрған темір жақтауға соғылған. Темір жақтау сынып, оның бір ұшы көліктің алдына кіріп, артын тесіп шыққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші К. оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, апаттың барлық себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматы облысының полиция басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол ережелерін қатаң сақтауды, жолдарда барынша сақ болуды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде