jasqazaq.kz

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды (видео)

21 шiлде 2020, 13:58

Түркістандық полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған тұрғындарды жауапкершілікке тартты. Түркістан-Шымкент айналма тасжолында ереже бұзғандар жолдың қарсы бетіне шығып, көліктің терезесінен шығып отырған.

Әлеуметтік желілерде көшенің қақ ортасында жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жүгенсіз жүрген бірнеше автокөлік жайлы бейнежазба тараған болатын. Аталған бейнекөрністі тексерген полицейлер бұл оқиғаның Түркістан қаласында болғанын анықтаған. Тәртіп бұзушылардың кім екенін анықтау мақсатында Түркістан полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізіп, кінәлі жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Тойота камри» жүргізушісіне қатысты 5 хаттама толтырылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 230-бабы 2 бөлігі, 590-бабы 2 бөлігі және 595-бабы 1-бөлімі, 593-бабы 1 бөлігі және 596-бабы 3 бөлігі бойынша жазаланады. Ал, «Ауди» маркалы көліктің жүргізушісі кодекстің 593-бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, хаттама түзілді. Автокөліктер айып тұрағына қойылды» делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде осы құқық бұзғандардың арасында полиция қызметкері бар деген ақпарат тараған болатын. Қазіргі таңда бұл жәйт бойынша да облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

 

https://youtu.be/JL8Q3NjnCgw

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия