jasqazaq.kz

Жол бойындағы әжетханалар қалай өзгереді?

04 желтоқсан 2019, 13:55

«ҚазАвтоЖол» компаниясы 2019-2020 жылдарға арналған жол бойында санитарлық тораптар орнату бағдарламасын таныстырды. 

Ұлттық оператор — «ҚазАвтоЖол» компаниясы автомобиль жолдары комитетімен біріге отырып, 2022 жылға дейін демалыс орындарында 304 санитарлық торапты орнату бойынша бағдарлама жасады. Бұл бағдарламаны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітті. «Қайта жөндеуден өтіп жатқан жолдардың бойында – 110, пайдалануға берілген жол бөліктерінде – 121, ақылы жол бойында – 73 дәретхана жасалады», — деді компаниядан.

Қайта жөндеуден өтіп жатқан жолдардың бойында қазір 14 торап орнатылып жатыр. Оның бірі Щучинск – Зеренді учаскесінде орнатылды. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Жетібай – Жаңаөзен», Қарағанды айналма жолында 11 торап қойылып жатыр. «Шымкент — Тараз» тас жолында 2 торап орнату үшін келісімге қол қойылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 21 қазанында 40 әжетхана орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық байқау жарияланған болатын. Қазір демалыс алаңдарын қалпына келтіру, электр желісін тарту, ұңғыма қазу жұмыстары атқарылып жатыр. Электр желісі тартылмаған жерлерге балама электр энергиясы көзін орнату көзделген.

Бұл байқауға қатысуға «EUROmodul KZ», «Qazaqtech», «Ice Group KZ» ЖШС секілді компаниялардан өтініш түсті. Байқаудың алғашқы кезеңі бойынша «Qazaqtech» ЖШС инвестор атанды. «Бұл компания әжетханаларға жасыл технология қағидаты бойынша ваккумды ағызу жүйесі, күн энергиясы жүйесін орнатумен айналысады. Бұл тораптарды орнату инвестор қаржысының есебінен болады», — деді «ҚазАвтожол» компаниясынан.

Ақапарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда