jasqazaq.kz

Жол апатынан жүргізушімен қоса үш бала қаза тапты

14 наурыз 2019, 15:42

Самара автожолының 115 шақырымында болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Олардың үшеуі — кәмелекеттік жасқа толмаған балалар. «Бүгін Шымкент — Самара автожолының 115 шақырымында «Нексия» жеңіл автокөлігі мен «Хендай старекс» минивэні соқтығысты. Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2014 жылы туған екі бала мен 2004 жылы туған жасөспірім медициналық мекемеге барар жолда көз жұмды», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Сонымен бірге, «Нексия» көлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. ҚР ІІМ хабарлауынша, оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бара жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде