
25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ мәлімдеді, — деп хабарлайды Lada.kz.
Жеті адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде жатыр.
«Апатта екі түлек санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Қалған бес баланың жағдайы орташа. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр», — деді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.