jasqazaq.kz

Жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды

30 мамыр 2020, 16:41

6 мамырда Атырау-Астрахан трассасының 185-шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соғысып қалды. Нәтижесінде жедел жәрдем көлігінің ішіндегі адамдардың бәрі — жүргізуші мен екі медицина қызметкері қайтыс болды.

42 жастағы медбике оқиға орнында көз жұмды, ал екінші медик пен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жүк көлігінің рөлінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекарашы — 20 жастағы шұғыл қызмет сарбазы болған. Тергеудің негізгі нұсқасы бойынша, ол көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қозғалған қылмыстық іс аясында әскери тергеушілер апатқа куәгерлер болса, +7 (7122) 46-08-65, +7 (775) 535-18-20 телефондарына хабарласуды сұрайды

«АЖ» сайтында жарияланғаннан кейін облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бұл олардың көліктері емес, Исатай аудандық санитариялық дәрігерлік амбулаторияның көлігі екенін нақтылауды өтінді.

Дереккөзі: azh.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі