jasqazaq.kz

Жол апатынан зардап шеккен әйел аяғынан айырылды

27 наурыз 2019, 11:25

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жол апатынан зардап шеккендерге барып қайтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Әкім мен министр қалалық № 2 көпсалалы ауруханаға барды. Клиниканың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, қазіргі уақытта стационарда зардап шеккен 13 адам жатыр. Олардың сегізінің жағдайы — орташа ауыр. Барлығы травматология бөлімінде жатыр, екі адам кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі жансақтау бөлімінде.

«Кеше бес ота жасадық. Өте күрделі оталар жасалды: ішіне қан кетуді тоқтаттық, біреуінің аяғын кесіп тастадық. Өкінішке қарай, зардап шеккен әйелдің аяғын аман алып қалу мүмкін болмады», — деді Ли. Дәрігер кейбір науқастардың әлі ұзақ уақыт ем алатынын айтты. Бірақ кейбіреулері 7-10 күннен кейін ауруханадан шығарылады екен.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда