jasqazaq.kz

Жол апатынан үш әйел көз жұмды

20 желтоқсан 2019, 11:18

Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, салдарынан үш жолаушы әйел қаза тапты, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.

Телеарнаның мәліметінше, жол апаты Водник ауылының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Трудовик ауылына жақындағанда қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан № 15 бағыттағы автобуспен соқтығысып, автобус өзен жаққа қарай ұшып кете жаздаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш әйел (1960, 1978 және 1988 жылғы) жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапқан. Renault көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде