jasqazaq.kz

Жол апатынан үш адам көз жұмды

13 тамыз 2020, 12:42

Ақтөбеде бірнеше жол апаты болды. Көлік жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні сағат 18:40-да «Ақтөбе-Богословка» трассасы бойындағы Сазды ауылы маңында болған. «Opel Vectra» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып «Toyota Camry» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. «Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия