jasqazaq.kz

Жол апатынан төрт адам көз жұмды

25 наурыз 2021, 11:58

Алматы облысында Қапшағай-Бақанас тасжолында апат болды. Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға орнында төрт адам көз жұмған.

«Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Land Crusier көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай қозғалып бара жатып, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Қарсы келе жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысты», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан Mark 2-дегі үш жолаушы мен Land Crusier жүргізушісі қайтыс болды. Mark 2 көлігінің жүргізушісі мен Land Crusier жолаушысы Қапшағай ауруханасына жеткізілді.

Бұл апат қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне («Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы») сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалған.

sputnik.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия