jasqazaq.kz

Жол апатынан қазақстандық балуандар қайтыс болды

04 тамыз 2020, 13:42

Алматыда болған жол апатынан еркін күрес балуандары көз жұмды.

Еркiн күрес шеберлері — Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тасжолында болған жол апатында қайтыс болды.

Қайғылы хабар ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram— дағы ресми аккаунтында жарияланды

«Қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды… Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған… Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!!!», — деді ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес жігіт) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды.

Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия