jasqazaq.kz

Жол апатынан екі жүргізуші көлікте қысылып қалған (видео)

06 ақпан 2019, 17:07

Қарағанды облысы Абай ауданы Южный ауылы мен Құлайғыр ауылының ортасында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Ең сұмдығы, көліктерінде қысылып қалған екі жүргізуші құтқарушылардың көмегімен шығарылған. 

Оқиға орнын түсірген куәгерлер бейнежазбаны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген. Кадрда сау-тамтығы қалмаған көліктер мен оларға көмектеспек болған адамдар бар.

nur.kz-тің хабарлауынша «Mercedes көлігінің жүргізушісі аяғын сындырып, көлікке қысылып қалған. Ал екінші көліктің тізгінін ұстаған азамат мотор мен орындықтың арасында қысылған. Көліктер қатты зардап шекті.

Жүргізушілерге қарау мүмкін боламады. Оларға бәрі көмектескенімен, шығару қиын болды. Көмектескен адамдарға қатты риза болдым. Жүргізушілерді шығаруға жол-патрульдік полиция қызметкерлері Асхат Самалықов пен Нариман Құлжанов, сондай-ақ, жергілікті мешіттің имамы Рүстем Нілдібек атсалысты.

Барлығын атап өткім келеді. Себебі, Топар кентінен келген медицина қызметкерлері мен Абайдан келген құтқарушылар жәбірленушілерге көмек көрсетуге тырысты. Барлығына алғыс айтамын. Барлық автокөлік жүргізушілерінен сақ болуды сұраймын. Сіздерді үйлеріңізде жанұяларыңыз күтіп отыр ғой», – деді жол апаты куәгерлерінің бірі.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде «Қызылорда-Павлодар» жолында көлік апаты орын алғанын растады. Ведомствода жүргізушілердің жасы 55 және 24-те болғанын айтты.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Лучший Карагандинский!!!🇰🇿 (@in_da_krg)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда