jasqazaq.kz

Жол апатынан бес адам мерт болды (видео)

14 қантар 2021, 12:21

Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол апаты оқиғасынан бес адам көз жұмды. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2021 жылдың 13 қаңтарында сағат 14:20 шамасында Қызылорда-Құмкөл автожолының 69 км-де “Мерседес Бенц Спринтер” және “Тойота Хайлюкс” автокөліктері​ соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды.

Сонымен қатар, қалған бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол – көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін. ​ ​Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды. ​ Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия