
Қостанай облысында 5 тамызда болған жол апатынан әйел адам қаза тапты.
Tengrinews.kz мәліметінше, көлік соғысуы салдарынан көлік өртеніп, әйел адам қаза тапқан. Полиция өкілдері әзірше пікір білдірмеді. Жол-көлік оқиғасы 5 тамызда Қостанай облысында тасжол бойында болған. Нәтижесінде бірнеше адам зардап шеккен, олардың ішінде бала бар.