jasqazaq.kz

Жол апатынан 9 адам көз жұмды

13 мамыр 2019, 10:17

Алматы — Бішкек тасжолында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 12 мамырда таңғы уақытта тасжолдың 109-шақырымында болған. Lada мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Полициядағылардың мәліметінше, қаза тапқан тоғыз адамның үшеуі — әйел адамдар. «Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары қаза тапты. Алдын ала нұсқа бойынша, Lada жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Ведомство өкілдері жол апатына қатысты тергеудің бақылауда екенін және облыстық полиция өкілдерінің деректі өндіріске алғанын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде