jasqazaq.kz

Жол апатынан 9 адам көз жұмды

05 қазан 2020, 10:37

Атырау облысында жол апаты салдарынан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Атырау-Ақтөбе тасжолында Renault Duster және Geely көліктері соқтығысып, екі жүргізуші мен барлық жолаушылар көз жұмды. Тоғыз адам қайтыс болды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр», — деп жазды ол Facebook парақшасында.
Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, жол апатының 96 процентінде жүргізуші кінәлі болады.

«Жүргізушілер жылдамдықты асырып, қауіпті және тыйым салынған жерлерде басқа көлікті озбақ болады. Салдарынан апатқа ұшырайды», — деді министр.

Ол министрлік статистикасы бойынша көлікті бір жылдан аз жүргізетіндердің апатқа себеп болу көрсеткіші тек 1,8 % шамасында екенін жеткізді. Қалған апаттар тәжірибелі жүргізушілер кесірінен болады.

sputniknews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық