jasqazaq.kz

Жол апатынан 5 адам қаза болды (видео)

16 шiлде 2019, 17:39

Бүгін 16 шілде күні сағат 13.15 шамасында Түркістан облысында ірі жол көлік апаты болды. 

Шымкент-Жібек жолы тас жолы бойында «Мерседес» микроавтобусы мен «Камаз» жүк көлігі соқтығысып қалған. Жол көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустың 5 жолаушысы мерт болған. Микроавтобус алдында кетіп бара жатқан жүк көлігіне кеп соқтығысқан көрінеді. «Мерседес» микроавтобусының тізгінінде отырған жүргізушісі мен тағы алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазір құзырлылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. «Аталған жәйт Қазығұрт аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынды. ҚР ҚК нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп, полицейлер болған жәйттің мән жайын анықтап жатыр,» — дейді Салтанат Қаракөзова.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 Kazakhstan | Казахстан (@kris_p_kz)

Дереккөзі: ernur.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық