jasqazaq.kz

Жол апатынан 3 адам көз жұмды

16 маусым 2020, 17:35

“Ақтөбе-Орынбор“ тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, оқиға орнында үш адам көз жұмды.

15 маусым күні сағат 19.00-де Мәртөк ауданының Жайсан ауылынан үш шақырым жерде А-24 “Ақтөбе-Орынбор” тас жолының 89 шақырымында “Лада-21705” көлігінің жүргізушісі 35 жастағы әйел Мәртөк ауылына қарай жолда рульдік басқаруын игере алмай, темір жол қоршауына соғып, қарама-қарсы қозғалыс жолының сол жақ жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы (30 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел) алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу“ бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Мынадай жағдай жолдарда абайсызда туындайтын оқиғаларды жоюға ең қажетті шараларды қабылдауды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларын талдап, апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін елемеуден болады. Негізінен жол көлік окиғасы салдарынан кішкентай балалары бар адамдар көз жұмып жатады, – дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

А.Арыстановтың айтуынша, статистика жол қозғалысына қатысушылардың барлығы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарамайтынын көрсетеді. Жылдың басынан бері облыста 235 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 44 адам қаза тауып, 320 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Аталған жол учаскесін Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері бірнеше рет тексерді. Барлық белгілер орнатылған, жол барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жол-көлік оқиғасында жол жүру ережелерін елемеу байқалады. Осыған байланысты, барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды, сыпайылық және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз. Есіңізде болсын, автокөлік – жоғарғы қауіп көзі. Ережелерді елемеу жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Есіңізде болсын, сізді үйде күтеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде