jasqazaq.kz

Жол апатынан 2 полицей көз жұмды (видео)

15 қазан 2020, 11:31

Ақмола облысында жол апаты болып, полиция қызметкерлері көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, 15 қазан күні Щучье қаласында Абылайхан және Сейфуллин көшелерінің қилысында, «Мебелин» дүкені маңында «Lexus NX20» көлігі Бурабай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің «Lada-21214» көлігімен соқтығысқан.

Қызметтік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқарып жүрген. Кезекті оқиғадан қайтып келе жатқан.

«Күдікті — Щучье қаласының 22 жастағы тұрғыны. Оның Қылмыстық кодекстің 200, 346 баптары бойынша бұрын бірнеше рет сотталғаны және 2022 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды» дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

https://youtu.be/KVmLipYdZYs

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде