jasqazaq.kz

Жол апатынан 17 жасар жасөспірім қаза болды

30 қазан 2019, 18:08

Қарағандыда қос көліктің соқтығысуы салдарынан бір жасөспірм қаза тапты. Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 қазан сағат 12: 00 шамасында Қарағанды қаласының 15 магистраль және Методическая көшелерінің қиылысында «Газель» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі 15 магистраль бойымен солға қарай Методическая көшесіне бұрылу кезінде 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігіне жол бермеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігіндегі 17 жасар жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ «ВАЗ» автокөлігінің төрт жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. «Газель» және «ВАЗ» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 2002 жылы туған жігіт көз жұмды. Апат салдарынан 4 адам бас сүйек-ми зақымдану диагнозымен Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы клиникаға жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда«, — деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық