jasqazaq.kz

Жол апатынан 1 адам көз жұмып, екеуі жарақат алды

30 тамыз 2021, 14:13

Семей қаласында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жүргізушілердің бірі жан тапсырды. Бұл туралы  ҚазАқпарат  хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тәңірбергенов көшесінен көпірге қарай келе жатқан «LADA 21144» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп «LADA Largus» көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «LADA 21144» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктегі 59 жастағы жүргізуші мен 80 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия