jasqazaq.kz

Жол апаты салдарынан екі айлық сәби көз жұмды

22 маусым 2019, 12:40

Ақтоғай-Балқаш тас жолында екі көлік соғысты. Салдарынан екі айлық сәби терезеден ұшып кетіп, көз жұмды. Тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.

Жол апаты кезінде сәби анасының қолында болған. Көлікке басқа автомобиль келіп соғылғанда келіншек баласын ұстап үлгере алмаған. Сол мезетте екі айлық сәби алдыңғы терезесінен ұшып кеткен.

«Сәби ауруханаға көптеген ауыр жарақаттармен түсті. Көп ұзамай бала қайтыс болды», -деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен тағы үш жолаушы жеткізілген.

«Балқашқа бағыт алған «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі, алдын ала ақпарат бойынша, қарама-қарсы жолаққа шығып, 26 жастағы Қарағанды облысы тұрғыны басқарған «Мазда» көлігімен соқтығысқан.
«Мерседес» автокөлігі мен екі көліктің үш жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 2- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде», -деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Дереккөзі: NUR.KZ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық