jasqazaq.kz

Жол апаты салдарынан 3 тәжікстандық қаза болды

23 қантар 2020, 13:59

Самара – Шымкент тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, Тәжікстан азаматтары көз жұмды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

22 қаңтар күні сағат 13:20-да Самара – Шымкент тасжолының 1139 шақырымында жол апаты тіркелді . « Toyota Camry 40» маркалы көлігінде төрт жолаушы болған. Рульде отырған Тәжікстан азаматы Қарабұтақ ауылынан Қызылорданың Арал қаласына бағыт алып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Көктайғақ кезінде қарсы бағытта келе жатқан «MAN» маркалы өзбекстандық жүк көлігіне соқтығысады.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде 2 адам сол жерде мерт болды. Үшеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ауруханада тағы бір тәжікстандық көз жұмды. Ақтөбе облыстық департаменті жол ережесін сақтап, қыста жылдамдық сақтауды, ауа райына байланысты жолдың қарсы бетіне шықпауды ескертеді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде