
Алаяқтық туралы бірнеше жергілікті тұрғын полицияға жүгінгеннен кейін белгілі болды.
Қаладағы пәтерлерді жалға алуға тырысқан азаматтар танымал интернет-сервистен жарнама іздеген. Болжалды пәтер иесімен телефон арқылы байланысқан. Бағалар нарықтық бағадан әлдеқайда төмен болған. Алайда, ұнайтын пәтерді брондау үшін жалға алушы жүз пайыз төлем енгізуі тиіс болған. Ақшаны алғаннан кейін, бірден риэлтор байланысқа шығуды тоқтатты.
Біз күдіктіні анықтап, ұстадық – ол Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны, дейді Алматы ПД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Сондай-ақ, бұл кезеңде оның 8 ұқсас эпизодқа қатысы бар екендігі анықталғанын хабарлаймын. Аталған күдікті әрбір клиенттен 130 мың теңге және 50 мың теңгені құрайтын кепілақы алғаны анықталды. Алдын ала тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, делінеді жазбада.
zakon.kz