jasqazaq.kz

Жоқ пәтерді 39 рет жалға берген

17 шiлде 2020, 11:02

Қарағандылық алаяқ жоқ пәтерді 39 рет жалға берген. Ол алдын ала төлем алған соң клиенттердің нөмірін бұғаттап тастап отырған, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мұндай жүйе арқылы әйел үш миллион теңгеден астам «табыс тапқан». Телеарнаның хабарына қарағанда, қазір іс сотқа жеткен.

Сондай-ақ оның жерлесері елорда тұрғындарын да осындай жүйе арқылы алдаған. Тек ол жиһаз «сатқан». Тауарды жіберудің алдында ол алдын ала төлемді жасатқан да, жоғалған. «Сатушы» 10 адамды алдағаны белгілі болды.

Елордалықтар ақшаны бөтен біреудің атына аударып отырған. Бірақ еш күмән болмаған. Осылайша, 27 жастағы күдікті ұсталды. Енді ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Журналистердің деректеріне қарағанда, 27 жастағы қыз бұған дейін алаяқтық үшін сотталған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия