jasqazaq.kz

Жоқ адамды жұмысқа тұрғызған

04 қантар 2019, 19:30

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының заңсыз әрекеттері әшкереленді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігі «Велоспорт бойынша даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол орталықта іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаларға еңбекақыны есептеу, сондай-ақ заңсыз үстемеақыларды төлеу арқылы ақша жымқырды деген күдікке ілінді», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетсек, аталмыш баспасөз мәслихаты барысында Арман Бердалин пара алды деген күдікпен республиканың бірқатар облыстарында мемлекеттік органдардың өкілдері ұсталғанын хабарлаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде