jasqazaq.kz

Жоғары білімі жоқ адам ауыл әкімі бола ала ма?

21 желтоқсан 2018, 15:10

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл әкімі қызметіне жоғары білімі жоқ адамдардың тағайындалуы саяси тұрғыда қисынсыз екенін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Кейбір жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауыл мен кент әкімдерінің білім деңгейі бойынша біліктілік көрсеткішін төмендету мүмкіндігі мәселесі көтерілуде. «Жоғары білімі болмаса да, кәсіби-техникалық оқу орны жеткілікті ме» деген сауал қойылуда. Біз қазіргі кезде реформаны іске асырдық, яғни кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жұмыстары атқарылды. Бұл тұрғыда Еуропалық одақ та Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппарат құрылғанын мойындап отыр. Сондықтан төртінші деңгейдегі бюджетпен айналысатын әкімдер үшін білім деңгейі бойынша көрсеткішті төмендету негізсіз әрі саяси қисынсыз болады», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов Сенатта өткен отырыста. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенат депутаттары мен жауапты министрліктер өкілдері, сондай-ақ өңір әкімдіктері мамандарының қатысуымен жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тақырыбы талқыланды. Онда ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов қоғамдық кеңестер құрамындағы кейбір мүшелер өздерінің міндеттерін лайықты деңгейде атқармайтынын айтты.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер