jasqazaq.kz

Жоғарғы соттың жұмыс тәртібі өзгерді

16 наурыз 2020, 20:37

Жоғарғы Сот COVID-19 жаңа коронавирусының таралуына байланысты бірқатар шараларды қабылдады.Бұл туралы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

1. Процестік мерзімдері бар сот істерін қарау кейінге шегерілді (соның ішінде тоқтата тұру, кейінге қалдыру, мерзімдерін ұзарту және т.б.).

2. Сот процестерін ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан жүргізу ұсынылады (бейнебайланыс, соның ішінде «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы).

3. Рұқсат етудің қысқартылған мерзімдеріне (тергеу соттары, жеделдетілген бұйрықтық, келісілген іс жүргізудегі және т.б. істер) байланысты қылмыстық істер мен материалдарды, үкімдерді орындау тәртібіндегі, сондай-ақ адамдарды ұстаумен немесе қамаққа алумен байланысты істерді қарауды жоғарыда аталған ұсынымдарды ескере отырып, барынша оқшауланған және процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігі жағдайында жүзеге асыру ұсынылады.

4. Республиканың барлық соттарында азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады.

5. Соттарға Үкімет ұсынған, соның ішінде дене температурасын өлшеу, гигиеналық және зарарсыздандыру құралдарын қолдануды көздейтін алдын-алу шараларын қолдану қажеттігі ескертілді.

6. Семинарлар, конференциялар, жұмыс отырыстарын өткізу, сондай-ақ сот ғимараттарынан тыс жерлерде өтетін іс-шараларға судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуы тоқтатылады.

7. Тұрғындарға, атқарушы және құқық қорғау органдарына, адвокаттар қауымдастығы мен БАҚ өкілдеріне туындаған ахуалға түсіністік танытуды және өтініштерді/ істер мен материалдарды сотқа беруді неғұрлым кейінге шегеруді сұраймыз. Жоғарғы сот аталған шектеулерді қабылдай отырып, адамның өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екендігін атап өтеді. Қабылданып отырған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталған. Мұндай шаралар әлемнің көптеген елдерінде қолданылуда.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі