jasqazaq.kz

Жоғарғы соттың судьялары сайланды

16 маусым 2022, 10:47

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан Сарманқұлұлы, Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы сайланды.

«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», — деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, облыстық соттарға басшылық еткенін жеткізді. Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр