
Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Жұмағұловты, Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметтерінен босату туралы ұсыным енгізді. Президенттің Жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы қызметіне, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды», — деді Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.
ҚазАқпарат