jasqazaq.kz

Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

25 сәуiр 2019, 11:32

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Атап айтқанда, Ғалия Бақытжанқызы Аққуова, Әділ Жамбасбайұлы Құрықбаев, Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаев, Моряк Смағұлұлы Шегенов орнынан түсуіне байланысты, ал Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына орай ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды. «ҚР Президентінің Жарлығымен Е. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғ. Аққуова, Ә. Құрықбаев, А. Сәрсенбаев және М. Шегенов отставкаға кетті», — деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде