jasqazaq.kz

Жоғарғы сот: Алқабилер тізімінде қайтыс болған тұлғалар да бар

26 қазан 2018, 15:31

ҚР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин алқабилер сотына үміткерлер тізімін жасау тәртібін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, соттың әділ өтуін қадағалайтын тәуелсіз алқабилер сотына үміткерлерді әкімдіктер анықтайды және жыл сайын тізім ұсынады. «Алайда, іс жүзінде сот сапасыз алқабиге тап болады және бұл сот процесін ұйымдастыруға елеулі ықпалын тигізеді. Судья іс қаралымы басталар кезде алқабилерді іріктеу үшін 100-150 үміткерді бірден шақырады. Кейде 25 адам әрең жиналады және арасынан 10 негізгі және 2 қосымша алқаби іріктеледі. Кейде тіпті қажетті алқабилер саны жиналмайды және сот процесі тоқтайды», — деді А. Рахметуллин алқабилер сотын жетілдіруге арналған форумда. Алқа төрағасы мұның бірнеше себебін атап көрсетті. «Алқабилер сотына үміткерлер тізімінде үміткерлікке құқығы жоқ немесе қайтыс болған немесе көрсетілген мекенжайда тұрмайтын адамдар бар. Мұның барлығы әкімдіктердің Заң талаптарын сақтайтынына, тексеру жүргізіп, нақты үміткерлер тізімін беретініне күмән туғызады», — деді ол. Кейде алқабилерді жұмыс берушілер сот отырысына жібермей қоятын жағдайлар да кездескен. «Бірақ, алқабидің сот отырысына баруына кедергі келтірген жұмыс берушінің жауапқа тартылуы туралы еш факті жоқ. «Алқабилер туралы» заңның талаптарын орындау мақсатында үміткерлер тізімін жасақтау рәсімін қайта қарастырған жөн. Бүгінгі шарада нақты ұсынымдар шығарып, заңнамалық деңгейде қарауға жібереміз», — деді А. Рахметуллин.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық