jasqazaq.kz

Жоғарғы қабаттан түскен қыз елдің зәресін ұшырды (видео)

17 маусым 2019, 12:01

Кадрда жасөсіпірім қыз үйіндегі төсек жабындыларын бір-біріне байлап, жоғарғы қабаттан төменге түседі.
Нұр-Сұлтанда жоғарғы қабаттың балконынан төменге түскен түскен 14 жастағы қыздың видеосы желідегілерді шошытты.   «Қыздың төмендегі құрбысна жоғарыдан қалай түскенін көрген куәгерлердің әбден дегбірі қашты», — деп сипаттаған автор желіге жүктеген видеосын.

Кадр сыртында жергілікті тұрғындардың қызға өз пәтерінде қалуын сұрап, айғайлаған дауыстары естіліп тұр. Тіпті ер кісілер қызды оқыс жағдайдан сақтандыру үшін үй терезесінің астында тұрған.
«Қала полицейлері осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізді. Оқиғаның 11 шілде болғанын анықтадық. Қыздың анасының айтуынша, пәтердің есігін сырттан құлттап, екінші қызын алып, шаруаларымен шығып кеткен. Ұйқыдан тұрған соң, кілті болмаған 14 жастағы қыз өз құрбысына бару үшін балкон арқылы түскен», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қолышбекова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда қыз өз анасының жанында, жағдайы жақсы.

caravan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда