jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен профессорға қатысты суыт хабар жетті

24 қыркүйек 2018, 15:51

Профессор 17 тамызда із-түзсіз жоғалып кетті. Полиция іздеуде болған адамның қайда жерленгенін көрсеткен ер адамды ұстады. 

Sputnik  жазғандай,  Алматы облысының полиция қызметкерлері 69 жастағы алматылық профессордың жоғалып кетуіне қатысы бар ер адамды ұстады.

17 тамыз күні Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы, профессор Ағыбай Смағұлов жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалып кеткені туралы ақпаратты азаматтық белсенді Ислам Угушев әлеуметтік желілерде таратты. Смағұловтың туыстары халықтан оны іздеуге көмектесуді өтінді. Хабарламада оқытушы Қарасай ауданына қарай кеткені аталып өтті.

Бүгін іздеуде болған адамның денесі Алматы облысы аумағынан табылғаны және оның жоғалып кетуіне жергілікті тұрғындардың бірінің қатысы бар екені анықталды.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растап, полиция қазірдің өзінде кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

«Жоғалған адам туралы арыз 21 тамыз күні Қарасай АІІБ-ге түсті. Ер адамның қайда екенін анықтауға бағытталған  жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде оның жоғалуына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Әрі қарай тергеу барысында күдікті іздеуде болған ер адамның жерленген орнын көрсетті. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа күдікті қамауға алынды», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ағыбай Смағұловты бір жыл бұрын студенттер ұрып-соғып, тонап кеткен болатын. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер оның 23 миллион теңгесін тартып алып кеткен, зардап шегушінің тоғыз қабырғасы сынды.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді