jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен қазақстандық Анталияда өлі табылды (видео)

10 қантар 2021, 16:32

7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық Түркияда өлі табылды. 21 жастағы Арайлым Орынбаева 2020 жылдың мамырында Анталияда жоғалып кеткен еді. Бұл туралы  Haberler.com сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, полиция қазақстандықтың ұялы телефонындағы сигнал арқылы соңғы рет қайда болғанын анықтаған. Іздеу жұмыстары оларды Сарысу ауданындағы Анлтыняк көшесіндегі орман аймағына алып келді. Іздеу барысында полиция Арайлым Орынбаеваның ағашқа ілініп тұрған денесін тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз өзін-өзі өлтірген, оның денесі Анталияның Сот медицинасы институтына жеткізілді. Басқа мәліметтер хабарланбады.

Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева 9 мамырда Анталияда жоғалып кеткен болатын. Қазақстандық келіншектің 41 жастағы анасы Салтанат Орынбаеваның айтуынша, біраз уақыт бұрын ол қызымен және екі ұлымен Түркияға көшіп барған. Анасы 21 жастағы қызы үйден төлқұжатын да, ақшасын да алмай шыққанын хабарлаған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері қазақстандықтың жоғалғаны туралы ақпаратты растады.

https://youtu.be/ch3-X3tzlMw

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия