jasqazaq.kz

Жоғалып кеткен алматылық қыздың мәйіті табылды

22 наурыз 2021, 17:52

19 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың мәйіті табылды. Алматы полициясы күдіктіні ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.

«Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды, онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділова кешке жақын жұмыстан шыққаннан кейін үйіне оралмағаны хабарланған еді.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия