jasqazaq.kz

Жоғалтып алған балаларын полиция іздеп тапты (видео)

14 қантар 2019, 15:38

Атырауда полиция қызметкерлері анасы далада қалдырып кетіп жоғалтып алған екі кішкене баланы іздеп тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«13 қаңтарда кешкі сағат 20.03 шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытының күзетшісі 102 операторына қоңырау шалып, зауыт аумағында кәмелетке толмаған 2 баланың жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған. Полиция департаментінің жеке құрамы дереу балаларды іздеуге жұмылдырылды», — делінген хабарламада. Кейін белгілі болғандай сағат 19.00-дер шамасында 3 баласын ерткен анасы зауыт тұсында таксиден түсіп, Тасқала ауылындағы үйіне жету үшін даламен тіке кеткен. Алайда, кішкене балалар жүре алмаған соң 8 жасар ұлын ертіп, 9-дағы қызы мен 4-тегі ұлын батпақты жерге тастап кеткен. Қайтып оралғанда ол қалдырып кеткен балаларын таппай полиция көмегіне жүгінген. «Сағат 23.20-да полицейлер балалардың шаршап, жыңғыл түбінде ұйықтап жатқан күйінде тапты. Олар дереу №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Қатты тоңып, қорқып қалған балаларға жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада. Полицияның анықтауынша, 38-дегі келіншек бұған дейін аналық міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, былтыр қараша айынан бастап жайсыз отбасылар тізіміне алынған. Айта кету керек, наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес азаматшаның жеңіл дәрежедегі мастығы анықталды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта әйелдің әрекеті Кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысында қарастырылады.

https://www.facebook.com/dvdatyrau/videos/290282531679533/

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық