jasqazaq.kz

Жоғалған жүкті келіншектің күйеуіне іс қозғалды

08 тамыз 2019, 15:34

Полиция 19 жастағы Дана Цейзердің күйеуіне қатысты жалған шағым түсіргені үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды inAlmaty.

Алматы облысының полицейлері 5 тамыздан бастап жүкті келіншекті еріктілермен және туыстарымен бірге іздеген. Келіншек Іле ауданында күйеуімен бірге тұрған пәтерден табылған. Полиция оның жоғалуының мән-жайын анықтап, нәтижесінде күйеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Дана Цейзердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның күйеуі арызданған. Іздестіру іс-шараларын учаскелік полиция жүргізді, оған облыстық департаменттің жедел қызметкерлері мен еріктілер де қатысты. Нәтижесінде келіншек жоғалмаған болып шықты, оның көрші ауылға көшіп, күйеуімен бірге пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Осылайша күйеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әдейі жаңылыстырған», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Басылымның мәліметінше, оқиғаға не себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы(«Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айып тағылды. Іле аудандық полициясының тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жүргізіпж атыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда