
Құтқарушылар Алматы маңындағы тауда жоғалған туристі тапты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері Мәншүк Мәметова шыңындағы мұздықта жоғалған ер кісіні тапты. Баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 жасар туристі қызметкерлердің жаяу тобы байқаған. Ол қатты тонып қалған, құтқарушылар оған жылы киім кешек беріпті. Турист медициналық көмектен бас тартыпты. Қазіргі уақытта жедел топ туриспен бірге таудан түсіп келе жатыр.
Еске сала кетейік, Уәлихан Таңәлин көл жағасында түнеп шыққан соң досымен хабарласып, өзіне көмек сұрайды. Өйткені ол өз бетінше, тау шыңынан түсе алмайды. Содан кейін онымен байланыс үзілді, құтқарушылар туристі альпинистермен бірге іздестірді.
Аман Базарбекұлы